Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Канада Украинаға көмекті арттырып, Ресейге жаңа санкция салды

    Канада Украинаға көмекті арттырып, Ресейге жаңа санкция салды

    Фото: yahoo.com

    Канада Украинаға көмекті арттырып, Ресейге жаңа санкция салды. Оттава Киевке жан-жақты қолдау көрсетуге бейілді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды DW агенттігіне сілтеме жасап.

    Канада Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп, Украинаға қосымша көмек пакетін бөлетінін мәлімдеді.

    Канада үкіметінің хабарлауынша, санкциялық тізімге тағы 21 жеке тұлға, 53 ұйым мен Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі 100 кеме енгізіледі. Сонымен қатар Оттава ресейлік мұнайға белгіленген баға шегін бір баррель үшін 47,60 доллардан 44,10 долларға дейін түсірді. Бұл шаралар Ресейдің экономикалық шығынын одан әрі арттыратыны айтылған. Санкция Ресейдің энергия ресурстарын экспорттаудан түсетін табысын, қаржы секторын, соның ішінде криптовалюта инфрақұрылымын шектейді. Бұдан басқа шектеу әскери әлеуетке, оның ішінде жасанды интеллект экожүйесі мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру мүмкіндігіне де әсер етеді.

    Елдің қорғаныс министрі Дэвид Макгинти Киевке 300 млн канадалық доллар көлеміндегі жаңа әскери көмек берілетінін айтты. Қаражат 2026-2027 қаржы жылдарына арналған ауқымды пакет аясында бағытталады. Бұл қаражаттың дені 2025 жылғы қарашада қабылданған бюджетте көзделген. Сонымен қатар Канада 400-ден астам брондалған техника жібереді. Украин сарбаздарын даярлауға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама қайта басталады. Сыртқы істер министрі Анита Ананд Украинаның энергетикасын қолдау қорына қосымша 20 млн доллар бөлінгенін жеткізді.

    Жалпы алғанда, Канада билігі Украинаға жан-жақты қолдау білдіретінін растап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →