Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Мысыр визасының бағасы өсті: қазақстандықтар енді қанша төлейді?

    Мысырға саяхаттайтын қазақстандықтар үшін виза құны қымбаттады. 1 наурыздан бастап елге кіру визасының бағасы 30 доллар болды.

    Мысыр визасының бағасы өсті: қазақстандықтар енді қанша төлейді?
    file_552.jpg

    Мысырға саяхаттайтын қазақстандықтар үшін виза құны көтерілді. Бұл туралы елдің Туристік компаниялар мен агенттіктер палатасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жаңа ережеге сәйкес, 1 наурыздан бастап туристердің елге кірген кезде бақылау-өткізу бекеттерінде ресімдейтін визасының бағасы өсті. Туристік компанияларға өз бағдарламаларын жаңартып, шетелдік серіктестерімен жаңа тарифтерді келісу тапсырылды.

    «Қазақстан азаматтары енді Мысырға шұғыл кіру визасы үшін бұрынғы 25 доллардың (12,4 мың теңге) орнына 30 доллар (14,9 мың теңге) төлейтін болады», — делінген ресми хабарламада.

    Палата өкілдері тарифті өзгерту арқылы туризм саласын дамытып, келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды көздейтінін жеткізді. Олардың айтуынша, қабылданған шаралар Мысырдың туристік бағыт ретіндегі беделін нығайтуға бағытталған және елге келушілер ағынының артуымен сәйкес келеді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →