Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық •

    ШҚО-да жол тазалап болған 25 жылдық тәжірибесі бар жұмысшы көз жұмды

    Шығыс Қазақстан облысында жолды тазалаудан кейін техникаға қызмет көрсетпек болған жұмысшы қаза тапты. Марқұм бұл салада 25 жыл қызмет еткен.

    ШҚО-да жол тазалап болған 25 жылдық тәжірибесі бар жұмысшы көз жұмды

    Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолды тазалап болған соң, жол қызметкері қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін Алтай ауданына қарасты Северное ауылында, Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары тасжолының ең күрделі учаскелерінің бірінде болған. Күн райының қолайсыздығына байланысты бұл жолда кеше ғана қозғалыс шектелген еді.

    Жолды тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін «Қажсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының жүргізушісі арнайы жол техникасына техникалық қызмет көрсету кезінде ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем бригадасы шақыртылып, дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

    «Оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталды. Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеріліп жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеуде, ақпарат еңбек инспекциясын қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. «ҚазАвтоЖол» басшылығы мен компания филиалдары марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол жол саласында 25 жылдан астам еңбек етті, өз ісінің нағыз маманы еді», — деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы.

    Компания марқұмның отбасына қажетті материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсететінін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →