Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Баласына екпе салдырмаған ата-аналар енді өтемақы төлей ме?

    Қазақстанда баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға өтемақы төлету ұсынылды. Денсаулық министрлігі бұл мәселенің заңдық негізін қарастырып жатыр.

    Баласына екпе салдырмаған ата-аналар енді өтемақы төлей ме?

    Қазақстанда балаларына вакцина салдырудан бас тартқан ата-аналардан өтемақы өндіріп алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова мәлімдеді.

    «Қазіргі таңда екпеден бас тартқандардан материалдық немесе моральдық залалды өндіріп алудың нормативтік-құқықтық базасы жоқ. Алайда министрлік бұл мәселені шешудің түрлі жолдарын зерттеп жатыр», – деді ведомство өкілі.

    Елімізде қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе салдырмаған балалар. Олардың үлесі жалпы науқастардың 80 пайызына жеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →