Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Тоқаев Boeing басшысымен кездесті: Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылады

    Президент Тоқаев АҚШ-та Boeing басшылығымен кездесті. Жыл соңына дейін Қазақстанға Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіліп, АҚШ-қа тікелей рейс ашылады.

    Тоқаев Boeing басшысымен кездесті: Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылады
    file_529.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездесті. Кездесу нәтижесінде жыл соңына дейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспары бекітілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ақорданың ресми хабарлауынша, кездесуде авиация, қорғаныс және ғарыш техникаларын шығаратын трансұлттық корпорациямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Президент отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan әуе компанияларының Boeing-пен ортақ жобаларды ілгерілетуге мүдделі екенін жеткізді.

    Кездесудегі ең маңызды жаңалық – Air Astana мен Boeing арасында жаңа ұшақтарды жеткізу туралы келісімге қол қойылуы болды. Осы келісім аясында биыл жыл соңына дейін Қазақстанға Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі. Бұл АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын іске қосу үшін жасалып отырған негізгі қадам.

    Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы да өз паркін толықтыру үшін қосымша Boeing ұшақтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, америкалық корпорациямен бірлесіп, Шымкент әуежайында ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылды.

    Boeing компаниясының өкілі Джефф Шокки өз кезегінде Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін жоғары бағалап, әсіресе әуе арқылы жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық үшін зор мүмкіндіктер барын атап өтті. Ол компанияның цифрландыру саласындағы жаңа жоспарларымен де бөлісті.

    Тараптар сонымен қатар Қазақстанда авиация саласы үшін білікті мамандар даярлау және елдегі жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін одан әрі дамыту жайын талқылады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →