Тарихи алтын: қазақ жігіті су спортында сенсация жасады

Қазақстандық спортшы Эдуард Ким артистік жүзуден өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленіп, ел спортының тарихында жаңа белес ашты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұрын синхронды жүзу деп аталып келген спорт түрінен отандасымыздың әлем чемпионы атануы – Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған тарихи жетістік. Бұл жеңіс еліміздегі су спорты түрлерінің дамуына тың серпін беретіні анық.

Эдуард Ким бұған дейін де халықаралық аренада өзін талантты спортшы ретінде танытып үлгерген. Ол жастар арасындағы әлем кубоктары мен басқа да ірі жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген болатын.

Сарапшылардың пікірінше, Кимнің бұл жетістігі жас спортшыларға үлкен үлгі болып, Қазақстанда артистік жүзуге деген қызығушылықты арттырады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика