Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Наурыз ҰБТ-2026: тіркелу 25 ақпанда аяқталады, үлгеріп қалыңыз

    Наурыз айында өтетін ҰБТ-2026-ға тіркелу 15-25 ақпан аралығында жүреді. Тест форматы өзгерген жоқ. Дайындық үшін жаңа платформа іске қосылды.

    Наурыз ҰБТ-2026: тіркелу 25 ақпанда аяқталады, үлгеріп қалыңыз
    file_476.jpg

    2026 жылғы наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды. Талапкерлер өтінімді 15-25 ақпан аралығында тапсыра алады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Әр талапкер өзіне ыңғайлы күн мен тест тапсыру орнын таңдай алады. ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды: 120 сұрақ, ал ең жоғары балл – 140.

    Ғылым және жоғары білім министрлігі үміткерлерге дайындық үшін жаңа EDUNAVIGATOR.KZ платформасын және Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы тегін көмекші материалдарды пайдалануға кеңес береді.

    Қаңтар айындағы тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 64 болса, сынақ тапсырушылардың 75%-і қазақ тілін таңдаған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →