Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларын жинап, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша маңызды кеңес өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ақорданың хабарлауынша, жиынға Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және негізгі құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Кездесудегі басты тақырып – елдегі азаматтардың заңды мүддесін қорғау шаралары болды.
Кеңесте ең алдымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар Президент жиынға қатысушыларға жаңа Конституция жобасын әзірлеген Конституциялық комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндады. Бұл құжат елдің саяси болашағы үшін аса маңызды екені атап өтілді.
Фото: Әлеуметтік желіден
