Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Тоқаев Жапонияның жаңа басшысына үндеу жасады: Екі ел қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі

    Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін растады.

    Тоқаев Жапонияның жаңа басшысына үндеу жасады: Екі ел қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі
    file_437.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаичиді Либералды-демократиялық партияның парламент сайлауындағы жеңісімен және үкімет басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ақорданың хабарлауынша, президент бұл жөнінде арнайы жеделхат жолдаған. Тоқаев бұл жеңісті жапон халқының Санаэ Такаичидің саясаты мен партиясының жоспарларына деген зор сенімі деп бағалады.

    – Бұл елеулі жетістік – Сіздің парасатты саясатыңыз бен Өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін, – делінген президенттің құттықтау хатында.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Жапонияға жасаған ресми сапарын еске алып, сол кездегі уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты жаңа, сапалы деңгейге көтергенін атап өтті. Ол қазақ-жапон қарым-қатынасының жоғары қарқынын сақтап, одан әрі дамыту үшін премьер-министр Санаэ Такаичимен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →