Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Тоқаев Үкіметке ескерту жасады: «Жауапкершіліктен қашсаңдар, қатаң шара болады»

    Президент Тоқаев инфляция мәселесі бойынша Үкіметке шүйлікті. Ол жауапкершіліктен қашқандарға қатаң шара қолданылатынын ескертті.

    Тоқаев Үкіметке ескерту жасады: «Жауапкершіліктен қашсаңдар, қатаң шара болады»
    file_431.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банктің инфляциямен күресіне қатысты қатаң сын айтып, нақты іс-қимылға көшуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президенттің айтуынша, инфляцияның не себепті шарықтап кеткені белгілі, яғни «кеселдің себебі анықталды». Ендігі міндет – осы мәселені шешу. Алайда, ол ұсынылатын шаралар елдің экономикалық дамуына кедергі келтірмеуі тиіс екенін ескертті.

    Осыған байланысты Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп, нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді жүктеді. Ол бұл жұмысқа барлық мекеме өкілдері мен сарапшыларды тартудың маңызды екенін атап өтті.

    «Мәселені шешудің орнына бос сөзді көбейтіп, қажетсіз «жол карталарын» әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады», — деді Мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар Президент биылдан бастап үш жыл бойы инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керегін баса айтты. Ол бірлескен іс-қимыл бағдарламасын сапалы орындаудың айрықша маңызды екенін ескертті.

    «Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады», — деп түйіндеді сөзін Тоқаев.

    Фото: Ақорда

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →