Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Күйеуге ерегес: Таразда долы анасы 5-қабаттан лақтырып жіберген қыздың жағдайы аса ауыр

    Күйеуге ерегес: Таразда долы анасы 5-қабаттан лақтырып жіберген қыздың жағдайы аса ауыр

    Фото: Depositphotos.com

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева болған Жамбыл облысында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Тараз қаласында анасы бесінші қабаттың терезесінен кәмелетке толмаған екі баласын лақтырып жіберген.

    «Тараз қаласында анасының кәмелетке толмаған балаларын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Балалар Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді», – деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.

    Оның айтуынша, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысқан.

    «Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауырлау, сүйек сынықтары бар. Анасының бұрын ауыр депрессиялық күйі анықталған, алайда емдеу курсы толық аяқталмаған», – деді балалар омбудсмені.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →