Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Маңғыстауда 600 миллион теңгеден астам қаржы қолды болған

    Маңғыстауда 600 миллион теңгеден астам қаржы қолды болған

    Фото: Pixabay

    Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде жүйелі бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Облыстағы медициналық мекемелерде:

    • Жалған медициналық қызметтер көрсетілген;
    • Денсаулық сақтау мамандары біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
    • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталды.

    Ұйымдардың бірін тексеру кезінде 600 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды.

    “Алушылардың банктік деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған. Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу фактілері анықталды”, – деп мәлімдеді өңірлік прокуратура.

    Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →