Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Петропавлда небәрі 19 жастағы жігіт есірткі таратқан

    Петропавлда небәрі 19 жастағы жігіт есірткі таратқан

    Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікпен тағы бір жас азамат қолға түсті. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны интернет арқылы тыйым салынған заттарды таратуға қатысы бар деген күдікке ілінген.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жанынан ұнтақ тәріздес зат салынған 19 орам тәркіленді. Сараптама қорытындысы олардың психотроптық зат — α-PVP екенін көрсетті. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 35 грамды құраған.

    Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицияның хабарлауынша, күдікті интернет-дүкендердің біріне «закладчик» болып небәрі бір ай бұрын жұмысқа тұрған.

    Қазір ол қамауға алынды. Егер кінәсі дәлелденсе, аса ірі көлемде есірткі өткізді деген айыппен 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →