Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі •

    Алматы облысында тау баурайынан топырақ опырылып, үйді басып қала жаздады

    Алматы облысында тау баурайынан топырақ опырылып, үйді басып қала жаздады

    Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылындағы коттедж қалашығында тау баурайынан топырақ массасы опырылып түсті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7–8 ақпан аралығында жауған қар мен тұрақсыз ауа райының салдарынан топырақ шамадан тыс ылғалданып, баурайдан өздігінен сырғыған. Соның нәтижесінде жеке тұрғын үй аумағында тұрған жеңіл автокөлік пен қалқаға зақым келген.

    Ведомство дерегіне сәйкес, тұрғын үйлердің өзіне және олардың көтергіш конструкцияларына зиян тимеген. Зардап шеккендер мен адам шығыны тіркелмеген. Қазіргі уақытта жағдай облыстық ТЖД бақылауында.

    Оқиға орнында облыстық департамент басшылығы мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аумақты жарықтандыру мақсатында жарық мұнарасы орнатылды. Жақын маңдағы тұрғындарға ықтимал қайталанатын табиғи құбылыстар кезінде әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

    Салдарын жою жұмыстарына Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті және ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» қызметінің шамамен 20 қызметкері мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылған.

    https://www.instagram.com/reels/DUf2vaFjfjr/

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →