Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «Бұл бос әңгіме» — ҚР СІМ Ресей депутаты Мироновқа жауап берді

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Мироновқа жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Еске сала кетейік, таяуда Ресей мемлекеттік думасының депутаты әрі «Справедливая Россия» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мемлекетаралық келісімге келіп, экономикалық одаққа мүше елдердің бірінің азаматы екіншісіндегі әскери операцияларға қатысар болса, оны қылмыстық тұрғыда қудаланбайтындай келісім жасалуы керектігін айтқан еді. «Егер орыс ұлтының азаматы тарихи отанына көмектесу үшін арнайы операцияға барып, еліне қайта оралса – оны қамап тастайды, бұл – абсурд» деген еді Миронов.

    Осы жөнінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі не ойлайтынын журналистер бүгін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтан сұраған.

     

    «Иә, мен де (ақпаратты – авт.) көрдім.Еуразиялық экономикалық одақ деген атынан-ақ байқауға болады. Экономикалық одақтың еш саясатқа да, соғысқа да қатысы жоқ. Сондықтан бұл бос әңгіме», — деді Айбек Смадияров бүгінгі брифингте.

     

    Еске сала кетейік, Қазақстан азаматы шет елдерден қандай да бір қарулы қақтығыстарға қатысса, ол елде 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →