Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр •

    Теміртауда краннан қара су ақты (ВИДЕО)

    Теміртауда краннан қара су ақты (ВИДЕО)
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында ауызсу сапасына қатысты шағым айтты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қаладағы Луначарский көшесінде краннан қою қара түсті судың аққаны анық көрінеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Кадрларда судың түсі лайланып қана қоймай, мұнайға ұқсас қою сұйықтық күйінде ағып жатқанын байқауға болады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет емес, алайда нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген.

    Аталған видео Instagram желісіндегі temirtau.times және otzovik_temirtau парақшаларында жарияланған. Желі қолданушылары ауызсуға қатысты бұл жағдайдың денсаулыққа қауіпті екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Осындай өрескел олқылыққа жол берген қала әкімдігі коммуналдық жүйедегі мәселені дер кезінде бақылауға алмағаны үшін сынға ұшырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →