Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қазақстан мен Пәкістан жаңа дәуірге қадам басты: Сауда мен көлік дәлізі талқыланды

    Президент Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен кездесті. Тараптар сауда, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

    Қазақстан мен Пәкістан жаңа дәуірге қадам басты: Сауда мен көлік дәлізі талқыланды
    file_371.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Кездесуде тараптар соңғы жылдары екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Саяси диалогпен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың болашағы зор бағыттары сөз болды.

    Келіссөз барысында сауда айналымын арттыру, көлік-логистика мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ортақ ұстанымдарын нақтылады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →