Фото: instagram.com/serikbay_sultan
Шымкентте қаза тапқан Нұрайдың отбасының мүддесін қорғап жүрген адвокат істің барысына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Адвокат Сержан Нұрпейісовтың мәліметінше, жәбірленуші тарап Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты тіркелген қылмыстық істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне жүктеп, ал іс бойынша прокурорлық қадағалау жүргізуді Бас прокуратураға тапсыру қажет деп санайды.
“Осы деректер жәбірленуші тараптың Шымкент қаласының Полиция департаментіне және Шымкент қаласының прокуратурасына деген сенімсіздігін тудырып отыр және қылмыстық істің ары қарай осы органда тергелуіне қарсылық білдіріп отыр”, – делінген жарияланған мәлімдеменің бір бөлігінде.
Адвокаттың сөзінше, марқұмның отбасы осы талаптар орындалған жағдайда ғана қылмыстық іс бойынша соталды тексеру әділ әрі жан-жақты жүргізіледі деген сенімде.

