Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Cиноптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жасады

    Cиноптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жасады

    Фото: Pixabay 

    Синоптиктердің болжамынша, ақпан айы жылырақ болып, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде жауады деп күтіліп отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары, ал оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады.

    «Жауын-шашын республиканың көп бөлігінде климаттық норма шамасында, ал солтүстік-батыс бөлігінде, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы және тау бөктері өңірлерінде нормадан көп болуы мүмкін», – делінген синоптиктердің болжамында.

    Бірінші онкүндікте температуралық фон:

    Республиканың батысында, солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) түнде ауа температурасы 23-28° аязға дейін төмендейді, күндіз 15-23° аяз болады. Онкүндіктің соңында аяз бәсеңдеп, түнде 10-20° аяз, күндіз 0…-8° аяз болады.

    Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі температура қысқа уақытқа 15-25° аяздан 2-10° аязға дейін жоғарылайды, күндіз 5-13° аяздан +4…-1° аралығына дейін жылынады. Онкүндіктің соңында температура қайта төмендеп, түнде 18-28° аязға, күндіз 13-20° аязға дейін жетеді.

    Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі температура 5° аяздан +5° жылылыққа дейін, кейін 3-11° аязға дейін ауытқиды (Қызылорда облысының солтүстігінде 18° аязға дейін). Күндіз температура +3…+10°-тан +8…+17°-қа дейін көтеріледі, кейін 0…+8°-қа дейін төмендейді.

    Жалпы ақпан айында батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста ең қатты аяздар бірінші және екінші онкүндіктерде күтіледі: түнде 21-30° аязға дейін, шығыстың таулы аймақтарында 35° аязға дейін, күндіз 13-20° аяз болады. Бірінші онкүндіктің ортасында (батыста – басында), сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктердің жекелеген күндерінде күндіз жылымық болуы мүмкін.

    Республиканың оңтүстік жартысында ақпан бойы түнгі температура 5° аяздан +5° жылылыққа дейін, кейде 3-15° аязға дейін ауытқиды, күндіз 0…+10°-тан +8…+17°-қа дейін болады.

    Республиканың солтүстік бөлігінде жауын-шашын негізінен қар түрінде, ал оңтүстік-батыста және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен дымқыл қар түрінде түседі. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте боран күтіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →