Басты бет » Қазақстаннан Кипрге тікелей рейс ашылды

Қазақстаннан Кипрге тікелей рейс ашылды

Фото: Air Astana

Air Astana әуекомпаниясы 2026 жылдың жазғы кестесінде Кипрге тікелей маусымдық рейстерге билеттерді сатуды бастады. Маусым мен қыркүйек айлары аралығында әуетасымалдаушы Астана мен Алматыдан Ларнака қаласына тұрақты рейстерді орындайды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Астанадан 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері, таңертеңгі және күндізгі уақытта қатынайды, ал Ларнакадан қайту рейстері күндіз орындалады. Ұшу ұзақтығы сол жаққа – 5 сағат 40 мин, қайтарда – 5 сағат 5 мин.

Алматыдан 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Алматыдан ұшу – таңертең, Ларнакадан оралу – күндіз. Ұшу ұзақтығы сол жаққа – 6 сағат 5 мин, қайтарда – 5 сағат 30 мин.

Барлық рейс Airbus A321LR заманауи ұшақтарымен орындалады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика