Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Абай облысындағы колонияға түскен сотталушы бір күннен кейін көз жұмды

    Абай облысындағы қатаң режимдегі колонияда 38 жастағы сотталушы қайтыс болды. Әлеуметтік желі оны ұрып өлтірді десе, ҚАЖК екі сотталушы төбелесті дейді.

    Абай облысындағы колонияға түскен сотталушы бір күннен кейін көз жұмды
    file_345.jpg

    Абай облысындағы қатаң режимдегі колонияда 38 жастағы сотталушының қайтыс болуына қатысты екі түрлі ақпарат тарады. Әлеуметтік желіде оны ұрып-соқты делінсе, ресми орган мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Жандос Б. есімді азаматты колония қызметкерлері мен әкімшілікке жұмыс істейтін басқа сотталушылар ұрып өлтірген. Марқұмның бұл мекемеге 28 қаңтарда жеткізіліп, арада бір күн өткенде, яғни 29 қаңтарда денесі мәйітханаға түскені айтылады.

    Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұл ақпаратты растамады. Ведомствоның ресми мәліметі бойынша, қатаң режимдегі мекемеде бір камерада отырған екі сотталушының арасында жанжал шыққан. Соның салдарынан біреуі екіншісіне ауыр дене жарақатын салып, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

    Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    «Қазіргі уақытта тергеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай тұрақты. Тергеу барысын ҚАЖК басшылығы өз бақылауына алды», — деп хабарлады комитет өкілдері.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →