Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қазгидромет ескерту жасады: Елімізде қар жауып, көктайғақ болады

    «Қазгидромет» 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі.

    Қазгидромет ескерту жасады: Елімізде қар жауып, көктайғақ болады
    file_330.jpg

    31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. «Қазгидромет» РМК болжамынша, еліміздің көптеген аймағында қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік өңірлерде көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Синоптиктердің мәліметінше, мұндай құбылмалы ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді. Еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында көктайғақ болады деп болжанып отыр.

    Дегенмен, орталық және шығыс облыстарда антициклонның ықпалымен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

    Аймақтар бойынша температураға келер болсақ, солтүстік облыстарда түнде ауа температурасы –23…–12 градусқа дейін төмендесе, күндіз –18…–8 градус болады. Орталық өңірлерде түнде –17…–5, күндіз –10…0 градус аралығында болады.

    Еліміздің оңтүстігінде түнде –7-ден +6 градусқа дейін құбылса, күндіз +3…+13 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде –10…0 градус, таулы аудандарда –17…–12 градус аяз болса, күндіз +3…+10 градус жылы, ал таулы жерлерде –3-тен +2 градусқа дейін күтіледі.

    Фото: pexels.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →