Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Әскери кафедраға түсу жеңілдеді: Енді өтініштер eGov арқылы қабылданады

    Қазақстанда студенттер енді әскери кафедраға eGov.kz порталы арқылы онлайн өтініш бере алады. Құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

    Әскери кафедраға түсу жеңілдеді: Енді өтініштер eGov арқылы қабылданады
    file_324.jpg

    Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына құжаттарды онлайн қабылдау іске қосылады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жаңа қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болады. Өтінішті бакалавриаттың күндізгі бөлімінде оқитын студенттер тапсыра алады. Құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

    Бұл бағдарлама студенттерге негізгі оқуынан қол үзбей, запастағы лейтенант немесе кіші сержант әскери шенін алуға мүмкіндік береді.

    Өтініш беру үшін eGov.kz порталына кіріп, «Азаматтарға» – «Әскери есеп және қауіпсіздік» – «Әскери қызмет» бөліміне өту қажет. Одан әрі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы әскери кафедраларға түсу үшін өтініштерді қабылдау» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беру керек. Студент қажетті деректерді толтырып, әскери кафедра мен оқу бағдарламасын таңдап, сұранысқа қол қоюы тиіс.

    Енді жаңа сервис соттылық, мүгедектік туралы мәліметтерді, сондай-ақ психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде есепте тұрғанын автоматты түрде тексереді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →