Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды •

    Шымкенттегі түнгі клубта «көңіл көтеретін газ» сатылған

    Шымкенттегі түнгі клубта «көңіл көтеретін газ» сатылған

    Фото: Polisia.kz

    Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде «смешариктер» деп аталатын газ баллондарының қоймасын анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жыл басынан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде тыйым салынған қосылыстардың заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Олардың қатарында түнгі клубтарда кеңінен таралған, «күлкі газы» деп аталатын белгілі азот тотығы да бар.

    Биыл есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері бірқатар өңірлерде аталған затпен толтырылған металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау фактілерін анықтап, жолын кесті.

    «Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде «смешариктер» деп аталатын күшті әсер ететін өнімді жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды. Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қосылыспен толтырылған. Тиісті сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.

    ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертті. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →