Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды •

    Қосшыда 10 жастағы қыз спорт кешенінде жан тапсырды

    Қосшыда 10 жастағы қыз спорт кешенінде жан тапсырды

    Фото: Gov.kz

    Алдын ала мәліметке сай, сабақ уақытында баланың жағдайы кенеттен нашарлаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға Ақмола облысындағы Қосшы қаласында орналасқан спорт кешендерінің бірінде болған.

    Ресми деректерден баланың «бронх демікпесі» диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталды. Дереу жедел жәрдем және реанимобиль шақырылған. Өкініштісі сол, олардың барлық іс-әрекетіне қарамастан, оқушыны аман алып қалу мүмкін болмады.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қосшы қалалық полиция бөлімінде тіркелген.

    – Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, – деді ведомство өкілдері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →