Ақмола облысында сот 89 жастағы зейнеткерді 7 айға түзеу жұмыстарына кесті, ал дәл осы кезде Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья жұмысынан босатылумен ғана құтылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық соты Макинск қаласының тұрғыны, иньсульттан кейінгі жағдайына қарамастан, 89 жастағы кейуанаға қатысты қатаң үкім шығарды. Ол 7 ай мерзімге түзеу жұмыстарына тартылып, 500 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Туыстарының айтуынша, қария алаяқтардың құрбаны болып, қысым мен сот қателігінің кесірінен осындай жағдайға тап болған. Олар істі қайта қарауды сұрап отыр.
Дәл осы уақытта Жоғарғы сот кеңесі басқа бір іс бойынша шешімін жариялады. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қызметінен босатылды. Оған қатысты басқа қатаң шара қолданылған жоқ.
Бұл екі оқиға қоғамда сот жүйесіндегі әділдік мәселесін қайта көтеріп, қызу талқыға себеп болды. Бір жағдайда денсаулығы нашар қарт адамға қатаң үкім кесілсе, екіншісінде заңды белден басқан судья жеңіл жазамен құтылған.
Фото: Әлеуметтік желіден
