Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Украина министрі Маскпен сөйлесті: Ресей дронмен Starlink қолдана алмайды

    Украина Қорғаныс министрі Михаил Федоров Илон Маскпен бірге ресейлік дрондардың Starlink жүйесін қолдануына тосқауыл қойғанын мәлімдеді.

    Украина министрі Маскпен сөйлесті: Ресей дронмен Starlink қолдана алмайды
    file_308.jpg

    Украинаның қорғаныс министрлігі Ресей әскерінің ұшқышсыз ұшатын аппараттарда (ҰҰА) Starlink жүйесін пайдалануына тосқауыл қою үшін SpaceX компаниясымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Украинаның цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина қалаларының үстінде Starlink байланысы бар ресейлік дрондар пайда болғаннан кейін бірнеше сағат ішінде министрлік тобы SpaceX-пен жедел байланысқа шығып, мәселенің шешімін ұсынған.

    «Мен SpaceX президентіне және жеке Илон Маскқа жылдам әрекет етіп, жағдайды реттеу бойынша жұмысты бастағаны үшін алғыс айтамын. Батыс технологиялары террор мен бейбіт қалаларды қирату үшін емес, демократиялық әлемге көмектесіп, бейбіт тұрғындарды қорғауы тиіс», — деді Федоров.

    Министр сондай-ақ Илон Масктың соғыстың басында Starlink-ті шұғыл түрде іске қосып, терминалдардың бірінші легін Украинаға жіберу туралы шешімі мемлекеттің тұрақтылығы үшін өте маңызды болғанын атап өтті.

    Сарапшылардың пікірінше, технология саласынан шыққан жас министр мен Илон Масктың ортақ тіл табысуының арқасында ресейлік «Шаһед» дрондары енді Starlink жүйесін пайдалана алмайтын болды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →