Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    ЕО Иран сақшылар корпусын «лаңкес» деп таныды: Тегеран АҚШ-ты айыптады

    Еуропалық Одақ Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп таныды. Тегеран бұл шешімді айыптап, оны АҚШ-тың ықпалымен байланыстырды.

    ЕО Иран сақшылар корпусын «лаңкес» деп таныды: Тегеран АҚШ-ты айыптады
    file_305.jpg

    Еуропалық Одақ Сыртқы істер министрлері Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусын (ИРСК) лаңкестік ұйымдардың тізіміне енгізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Еуропалық дипломатияның ықпалды өкілдерінің бірі Кайя Каллас бұл қадам Иран билігінің өз халқына қарсы жүргізіп жатқан қуғын-сүргініне тікелей жауап екенін атап өтті.

    «Биліктің өз халқына жасаған репрессиясы жауапсыз қалмауы керек. Мұндай әрекеттер режимді күйреуге алып келеді», — деді ол.

    Ресми Тегеран бұл шешімді саяси астары бар деп атап, Еуроодақты АҚШ пен Израильдің сойылын соғып отыр деп айыптады.

    Сарапшылардың пікірінше, Брюссельдің бұл қадамы тараптар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтырып, Ирандағы наразылықтар мен ядролық келісім төңірегіндегі диалогты қиындатуы мүмкін.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →