Қазақстанда көлеңкелі табыспен күрес жаңа деңгейге шықты. Биыл заңсыз ақшаны жылыстатуға қатысты қылмыстық істердің саны соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, жыл басынан бері осы бап бойынша 140 жаңа қылмыс тіркелген. Бұл – соңғы онжылдықтағы рекордтық көрсеткіш болып саналады.
Тергеу органдарының жедел жұмысының арқасында істердің басым бөлігі сотқа жолданған.
Алайда, қозғалған істердің көптігіне қарамастан, әзірге 15 адам ғана кінәлі деп танылды. Оларға ірі көлемде айыппұл салудан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалар кесілген.
Фото: Әлеуметтік желіден
