Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр •

    Дархан Сатыбалды Алматы қаласы бойынша Президентке есеп берді

    Дархан Сатыбалды Алматы қаласы бойынша Президентке есеп берді

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.

    Дархан Сатыбалды:

    былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілгенін айтты. Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен.

    қаланың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды.

    Аталған тұжырымдама аясында заманауи IT-инфрақұрылым, көпфункционалды іскерлік кешендер, сондай-ақ тұрғындардың демалысы үшін абаттандырылған рекреациялық аймақтар жасақталады. Яғни бұл жұртшылық жиі баратын орындарға айналады.

    Алматы қаласының заманауи көлік жүйесін қалыптастыру жөнінде мәлімет берді. Жүрдек қоғамдық көлік жүйелерін дамыту тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, қаланы орнықты дамытудың негізгі факторы болмақ.

    Алматының Бас жоспарында ауаның еркін айналымын қамтамасыз етуді, шаһардың жоғары және орталық бөліктеріндегі шамадан тыс тығыз құрылысты тежеуді, сондай-ақ жасыл желектің аумағын үш есеге – 3 800 гектарға дейін ұлғайтуды көздейтін шешімдер қарастырылғанын жеткізді.

    2025 жылы қала көшелері сапалы жарықтандырылып, қуаты екі есе артқаны жөнінде баяндады.

    Бұдан бөлек, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді безендірудің бірыңғай стандартына сәйкес саябақтар мен көшелерді жаңғырту шаралары жоспарланған.

    Алматы тау кластері жобасын дайындау жайында есеп берді.

    Қазіргі кезде «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» және «Ой-Қарағай» курорттарын біріктіруді көздейтін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.

    Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде аспалы жолдардың саны 16-дан 62-ге дейін көбейеді, тау шаңғысы трассалары 250 шақырымнан аса ұзарады, ал демалыс аймақтары тәулігіне 40 мың адамға дейін қабылдай алатын деңгейге жетеді.

    Мемлекет басшысы:

    Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →