Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты •

    Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізіледі: Оқушылар фермерлікті үйренеді

    Қазақстанда мектеп оқушыларына фермерлік істі оқытатын арнайы агросыныптар ашылады. Пилоттық жоба Ақмола, СҚО және Қостанай облыстарында басталады.

    Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізіледі: Оқушылар фермерлікті үйренеді
    file_295.jpg

    Қазақстанда мектеп оқушыларына фермерлік істің негіздерін оқыту үшін арнайы агросыныптар ашу жоспарланып отыр. Пилоттық жоба алғашқы кезеңде еліміздің үш облысында іске қосылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жастарды ауыл шаруашылығы саласына тарту және болашақ білікті мамандарды мектеп қабырғасынан бастап дайындау. Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа жобаны таныстырды.

    «Агросыныптар колледждермен, жоғары оқу орындарымен және жұмыс берушілермен тығыз байланыста құрылады. Оқушылар теориялық біліммен қатар, агросектордағы практикалық дағдыларды да меңгеретін болады», — деп хабарлады ведомство.

    Алғашқы агросыныптар Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ашылады. Бұл өңірлер еліміздің негізгі аграрлық аймақтары болып саналады.

    Жоба 2026-2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылады. Жоспарда сондай-ақ агросала қызметкерлеріне қолдау көрсету және білім беру гранттарын бөлу шаралары да қарастырылған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →