Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қырғызстандағы мектеп асханасы: Әкім шенеуніктерге бұзылған тамақты жегізді

    Қырғызстанның Ош қаласының әкімі мектеп асханасын тексеріп, сапасыз тамақты жауапты қызметкерлердің өздеріне жегізіп, қатаң ескерту жасады.

    Қырғызстандағы мектеп асханасы: Әкім шенеуніктерге бұзылған тамақты жегізді
    file_294.jpg

    Қырғызстанның Ош қаласының әкімі мектеп асханасындағы тамақтың сапасын тексеріп, оқушыларға арналған бұзылған асты жауапты қызметкерлердің өздеріне жегізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қала басшысы Жеңісбек Тоқторбаев «Жетіген» жалпы білім беретін мектебіне арнайы барып, асханадағы жағдаймен танысқан. Тексеріс барысында ол оқушыларға берілетін тағамның сапасы сын көтермейтінін анықтады. Атап айтқанда, нанның тастай қатып қалғанын, ал самсаның талапқа сай еместігін көрген.

    Осыдан кейін әкім мектеп басшылығы мен асхана қызметкерлерін жинап, сапасыз тамақты олардың өздеріне жеуді талап еткен.

    «Бұл ұят емес пе? Мынаған қараңыздаршы, нан тас болып қалған. Осыны үйге апарып, өз балаңызға беріп көріңіз. Екі тістеп те жей алмайды. Самсаны осындай күйде ұсынасыздар ма? Мұны мұғалімдердің өзі де жемейді. Мектептегі тамаққа қалай осылай немқұрайлы қарауға болады?» – деді қала басшысы.

    Жеңісбек Тоқторбаев мектептегі тамақ сапасын ретке келтіруді қатаң тапсырып, бұл мәселені жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →