Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түзетіңіз, болмаса бұл шаруамен басқалар айналысады»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына қатаң ескерту жасады Көкшетауда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО) Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды «Түзетіңіз, болмаса бұл шаруамен басқалар айналысады»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына қатаң ескерту жасады Көкшетауда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО) Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды

    Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім бергендер көбейген

    Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім бергендер көбейген

    Фото: pixabay

    Қазақстанда трансплантологияны дамыту үшін институционалдық және кадрлық база қалыптастырылды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елде кератопластика және гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттауды қоса алғанда, трансплантаттау қызметтерінің тізбесі кеңейтілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    2025 жылғы 14 шілдедегі «МӘМС және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес медициналық көмектің бұл түрлері енді мемлекеттік ғана емес, сонымен қатар тиісті лицензиясы бар жеке медициналық ұйымдарда да көрсетілуі мүмкін.

    Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, саланы дамыту шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттары, сондай-ақ ағзаларды, тіндер мен жасушаларды алу, дайындау, сақтау, консервациялау және трансплантаттау қағидалары мен шарттары қайта қаралды.

    2025 жылы ағза донорларының саны үш есеге — 6-дан 18-ге дейін, ал трансплантаттау саны 2,4 есеге — 23-тен 68 операцияға дейін өсті. eGov.kz порталында орналастырылған азаматтардың ниет білдіруінің оң динамикасы байқалады.

    Өтініштердің жалпы саны 38%-ға өсті. Бұл ретте қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімдер саны 70%-ға, ал бас тартулар саны 26%-ға өсті. Бұл осы мәселе бойынша халықтың хабардар болуының өскенін көрсетеді. Сонымен қатар трансплантаттауды күту парағында қазіргі уақытта 4506 пациент, оның ішінде 123 бала бар. Осыған байланысты халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →