Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Атырауда дабыл қағылды: Ауадағы улы газ мөлшері 36 есеге дейін көбейген

    Атырау облысында ауа сапасы тексерілді. Нәтижесінде бірнеше ауданда улы газ саналатын күкіртсутек мөлшері 36 есеге дейін артқаны анықталды.

    Атырауда дабыл қағылды: Ауадағы улы газ мөлшері 36 есеге дейін көбейген
    file_242.jpg

    Атырау облысында ауа сапасына жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде бірнеше ауданда күкіртсутек мөлшерінің рұқсат етілген шектен ондаған есе асып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мамандар атмосфералық ауа сынамаларын Тасқала ауылы мен «Химпоселок» ықшам ауданынан алған. Тексеру қорытындысы ауада улы газдың қауіпті деңгейге жеткенін көрсетті.

    «Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылында күкіртсутек концентрациясының 17,5 есеге, оған іргелес аумақта – 15 есеге, ал «Химпоселок» ықшам ауданында 36,3 есеге артқаны тіркелді», — делінген ресми хабарламада.

    Тексеру нәтижесінде жиналған барлық дерек тиісті шараларды қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдарға жолданды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →