Forbes басылымы 2026 жылға қарай әлемдегі ең бай адамдардың болжамды рейтингін жариялады. Сарапшылардың есебінше, планетадағы ең ауқатты 10 адамның ортақ байлығы 2,625 триллион доллардан асады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл рейтингте Tesla мен SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск бәсекелестерінен қара үзіп, көш бастап тұр. Оның болжамды байлығы – 726 миллиард доллар. Бұл екінші орындағы Ларри Пейдждің (276 млрд доллар) капиталынан екі еседен де көп.
Рейтингтің үздік бестігіне Маск пен Пейджден бөлек, Amazon негізін қалаушы Жефф Безос (254 млрд доллар), Google-дың екінші құрылтайшысы Сергей Брин (254 млрд доллар) және Oracle компаниясының басшысы Ларри Эллисон (252 млрд доллар) кірген.
Сондай-ақ ондыққа Марк Цукерберг (215 млрд), Бернар Арно (194 млрд), Женсен Хуанг (161 млрд), Амансио Ортега (147 млрд) және Уоррен Баффет (146 млрд) енген. Байлар тізіміндегі он адамның сегізі – АҚШ азаматы.
Forbes бұл 2026 жылға жасалған аралық есеп екенін атап өтті. Демек, алдағы екі жылда әлемдік экономикадағы өзгерістерге байланысты бұл көрсеткіштер де өзгеруі мүмкін.
Фото: Әлеуметтік желіден
