Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Нұрай ісі: Жұмыстан қуылған полицей анасының неден қайтыс болғанын айтты

    Нұрай ісі бойынша жұмыстан қуылған полицей өзінің кінәсіз екенін, ал анасының бұл хабарды көтере алмай қайтыс болғанын мәлімдеді.

    Нұрай ісі: Жұмыстан қуылған полицей анасының неден қайтыс болғанын айтты
    file_217.jpg

    Қоғамда үлкен резонанс тудырған Нұрай ісіне байланысты жұмыстан шығарылған полиция қызметкері Абылғазы заңгер Айгүл Орынбекке сұхбат беріп, оқиғаның жаңа мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, Нұрайды алып қашқан күні ол қызды алып келген Шерханның үйіне шақыртумен барған. Ол үйде жігіттің туыстары тойға қызу дайындық жасап жатқанын көрген.

    «Мен қыз бен жігітті аудандық ішкі істер бөліміне (АІІБ) жеткіздім. Сол жерде олардан бірге де, жеке-жеке де жауап алдым. Екеуі де қыздың оның үйіне өз еркімен келгенін растады. Кейінірек ол мұны мен жазып алған видеода да растады», — деді жұмыстан босатылған полицей.

    Видеода Нұрай 4 қазан күні шамамен үш айдай араласқан жігіті Шерханмен бірге Алматыдан Шымкентке өз еркімен шыққанын айтады.

    Полицей бұл видеоны Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жариялауды ұсынғанын, бірақ олар ешқандай себепсіз бас тартқанын алға тартады.

    Абылғазының сөзінше, ол ішкі істер органдарында тоғыз жыл қызмет еткен. Алайда қоғамдық резонансқа байланысты Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) бұйрығымен өзі және бірнеше басшысы жұмыстан шығарылған.

    «Маған әділетсіздік жасалды, мені жай ғана қоқыс сияқты лақтырып тастады», — деді ол.

    Сондай-ақ ол ұлының жұмыстан шығарылғаны туралы хабарды анасының көтере алмай, қайтыс болғанын жеткізді.

    Сөз соңында Абылғазы президент Тоқаевқа үндеу жолдап, істің әділ шешілуіне ықпал етуін сұрады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →