Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Тоқаев Үкімет пен экономистерге шүйлікті: «Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді»

    Президент Тоқаев Үкіметті, экономистер мен энергетиктерді қатаң сынға алды. Ол ЖЭО құрылысының кешігуін айтып, кадрлық шешімдер қабылданатынын ескертті.

    Тоқаев Үкімет пен экономистерге шүйлікті: «Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді»
    file_166.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын қатаң сынап, бірқатар шенеуніктің кәсіби біліксіздігін айтты. Мемлекет басшысы кейбір салалар бойынша кадрлық шешімдер қабылданатынын меңзеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Өз сөзінде Президент бір топ экономист пен энергетика саласының мамандарына қатысты көңілі толмайтынын ашық білдірді.

    «Менің еліміздегі белгілі экономистерге айтар кінәм көп. Энергетиктерге де қатысты осындай сыным бар. Шамасы, кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетін сияқты», — деді Президент.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірнеше қаладағы жылу электр орталықтарының құрылысы кешігіп жатқаны үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорын сынға алды.

    «Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жаңа ЖЭО салу мәселесі. Мойындау керек, бұл сұрақтың шешімі созылып кетті, ал халық күтіп отыр. Бұл үшін Үкімет пен ‘Самұрық-Қазына’ қоры жауапты», — деп атап өтті Тоқаев.

    Президенттің сынына Үкіметтің мемлекеттік жүк авиакомпаниясын құру туралы шешімі де ілікті. Ол мұны «қате басқарушылық шешім» деп бағалады. Сондай-ақ Міндетті медициналық сақтандыру қорындағы былыққа әлеуметтік сала басшыларының кәсіби біліксіздігі себеп болғанын айтты.

    «Міндетті медициналық сақтандыру қорында болған жағдай – әлеуметтік сала басшыларының кәсіби біліксіздігінің, олардың мемлекет мүддесіне немқұрайлы қарауының салдары», — деді ол.

    Тоқаев ауыл шаруашылығын қайта өңдеу саласының негізсіз қысымға ұшырағанын да қалыпты жағдай емес екенін ескертіп, Үкіметке ұлттық мүддені белсенді қорғауды тапсырды.

    «Шенеуніктердің адалдығы – бұрынғысынша жалпымемлекеттік сипаттағы өзекті міндет болып қала береді», — деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →