Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Астанадағы ұлының еміне ақша жинаған блогер отбасы үндеу жасады (ВИДЕО)

    Астанадағы ұлының еміне ақша жинаған блогер отбасы үндеу жасады (ВИДЕО)

    Фото: instagram.com/tolkyn.totakanova

    Астанада баласын емдетуге деп қаржы жинап, алаяқтық жасады деп сотталған Толқын Тотақанова үкім шыққаннан кейін қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол өзіне тағылған айыптарды әділетсіз деп санайтынын айтып, қоғамнан қолдау сұрады. Сот материалдарына сәйкес, Астана қаласының тұрғыны Толқын және Дәулет Тотақановтар аса ірі көлемде алаяқтық жасап, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылған.

    Тергеу нұсқасы бойынша, ерлі-зайыптылар ұлдарын емдету үшін қайырымдылық жинау жариялап, жиналған қаражаттың едәуір бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Үкімнен кейін жарияланған видеоүндеуде Толқын Тотақанова баласының шын мәнінде шетелде емделгенін алға тартты.

    Оның айтуынша, емдеу Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресейде жүргізілген, ал медициналық шығын көлемі іс материалдарында көрсетілген 6 млн емес, шамамен 160 млн теңгені құраған. Сонымен қатар ол өзін бопсалаудың құрбаны болғанын мәлімдеді. Толқынның сөзінше, үш адам баланың еміне жиналған ақшаны күшпен иемденген.

    «Бес жыл бойы қорқынышта өмір сүрдім. Олар өлтіреміз, жоямыз деп қорқытты. Баламның емі үшін 45 млн теңге қарыз алдым. Нәтижесінде бұл адамдар 700 млн теңгеден астам қаражатты алып кетті. Бүгін біз сотталып отырмыз, ал біздің қайғымызды пайдаланып байығандар бостандықта жүр. Күйеуім әділетсіз сотталды. Неге олар жауапқа тартылмайды? Бізге тек шындық пен әділдік керек», – деді ол.

    Толқын Тотақанованың айтуынша, бұл деректер аудиторлық тексеріс пен іс материалдарында бар, алайда өзі айыптаған тұлғалар әлі күнге дейін жауапкершілікке тартылмаған.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Толкын Тотаканова (@tolkyn.totakanova)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →