Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді •

    Испанияда 21 адам қаза тапты: «Пойыз апаты жер сілкінісіндей болды»

    Испанияның оңтүстігінде екі жүрдек пойыз соқтығысты. Апат салдарынан 10 адам қаза тауып, жүзге жуық жолаушы жарақат алған.

    Испанияда 21 адам қаза тапты: «Пойыз апаты жер сілкінісіндей болды»

    Испанияның оңтүстігіндегі Кордова провинциясында екі жүрдек пойыз соқтығысып, кемінде 21 адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    EFE ақпарат агенттігінің мәліметінше, апат Адамуз қаласында болған. Зардап шеккендердің саны әртүрлі дереккөзде 25-тен 100-ге дейін деп көрсетілуде.

    Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен Малагадан Мадридке бара жатқан пойыз рельстен шығып кетіп, қарсы бағыттағы жолға түскен. Дәл сол сәтте келе жатқан екінші пойыз оны соғып, ол да рельстен шығып кеткен.

    Апат орнынан түсірілген видеода кем дегенде бір вагонның аударылып қалғаны көрінеді. AFP агенттігі жолаушылардың бірінің сөзін келтірді.

    «Соқтығысу күші жер сілкінісіне ұқсады», – дейді куәгер.

    Екі пойызда жалпы саны 400-ге жуық адам болуы мүмкін екені айтылады. Қазір бұл учаскеде пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. «Түсіп жатқан ақпарат өте күрделі», – деп жазды Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте Х әлеуметтік желісінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →