Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады «2016 жылы ауыр сынақтан өттім»: Айнұр Тұрсынбаева ағынан жарылды Адам шығыны бар: Қостанайда үш көлік соқтығысты Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады «2016 жылы ауыр сынақтан өттім»: Айнұр Тұрсынбаева ағынан жарылды Адам шығыны бар: Қостанайда үш көлік соқтығысты

    Өскеменде 30 градус аязда ірі апат болды: 2000-нан астам адам сусыз қалды

    Өскеменде 30 градус аязда екі бірдей су құбыры жарылды. Салдарынан 2000-нан астам адам мен бір мектеп ауыз сусыз қалды. Қазір апатты жою жұмыстары жүріп жатыр.

    Өскеменде 30 градус аязда ірі апат болды: 2000-нан астам адам сусыз қалды
    file_147.jpg

    Өскеменде 30 градус аязда бірден екі су құбыры жарылып, екі мыңнан астам тұрғын ауыз сусыз отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    18 қаңтар күні таңертең Мирный кентіндегі Беспалов көшесі мен Карбышев, 28 мекенжайында орналасқан су құбырларында апат тіркелген.

    «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 10:30-дан бастап алты көпқабатты үй (932 тұрғын), 805 жеке үй (1338 тұрғын) және №26 мектеп судан ажыратылды.

    «Қазір барлық қызметкер апат орнында жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру шаралары жүргізілуде. Жүйенің біртұтас болуына байланысты жақын маңдағы кейбір үйлердің жоғарғы қабаттарында су қысымы төмендеді», — деп хабарлады компания өкілдері.

    Қала тұрғындары үшін су таситын көліктер ұйымдастырылған. Тапсырыс беру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 531661, 87052067916 нөмірлеріне хабарласуға болады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →