Ирандағы наразылық: Жоғарғы көсем мыңдаған адамның өліміне АҚШ-ты кінәлады

Иранның Жоғарғы көсемі Әли Хаменеи елдегі соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адамның қаза тапқанын алғаш рет жария түрде мойындап, олардың өліміне АҚШ-ты айыптады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Хаменеидің сөзін былай таратты:

«Біз АҚШ президентін Иран халқына келтірілген шығын, жала мен құрбандықтар үшін жауапты қылмыскер деп санаймыз».

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ирандық шерушілерді «наразылықты жалғастыруға» шақырып, егер Тегеранның қауіпсіздік күштері қатаң шараларға көшсе, Вашингтонның әскери күш қолдануы мүмкін екенін ескерткен болатын.

АҚШ-та орналасқан HRANA атты ирандық құқық қорғаушылардың ақпарат агенттігінің мәліметінше, тәртіпсіздіктерді аяусыз басу салдарынан 3090 адам қаза тапқан.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика