Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    «600 мың теңгем ауаға ұшты»: Еркебұлан Тоқтар шетелде қиындыққа тап болды

    Белгілі актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар АҚШ-қа барар жолда ұшақтан қалып қойып, бір күнге 600 мың теңгеге брондаған қонақүйіне жете алмады.

    «600 мың теңгем ауаға ұшты»: Еркебұлан Тоқтар шетелде қиындыққа тап болды
    file_118.jpg

    Қазақстандық танымал актер әрі ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар АҚШ-қа барар жолда күтпеген жағдайға тап болып, ірі көлемде шығынға батты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Спортшы Майамиге жаттығу үшін аттанған, алайда Катар астанасы Доха қаласында ұшақтан қалып қойған. Салдарынан ол алдын ала тәулігіне 600 мың теңгеге брондап қойған қонақүйіне де уақытылы жете алмаған.

    Бұл жағдай туралы Еркебұлан Тоқтар өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

    «Қысқасы, достар, мен Дохадамын. Осында бір тәулікке қалып қойдым. Кеше Алматыдан ұшақ екі жарым сағатқа кешігіп ұшты. Мен мұнда келіп, бір жарым сағаттан кейін Майамиге ұшатын ұшаққа отыруым керек еді. Келсем, Майамиге кететін ұшақ ұшып кетіпті. Енді келесі рейс тек ертең болады. Күтемін. Оның үстіне, Майамидегі қонақүйді тәулігіне 600 мың теңгеге брондап қойғам. Алдын ала төлеп қойдым, өйткені басқаша Америкаға кіргізбейді, броньді көрсету керек. Міне, осылайша 600 мың теңге ауаға ұшты. «Хайыр болсын» деген сөз бар ғой, сол сөзді айтатын сәт туып тұр. Хайыр болсын», — деді спортшы.

    Еркебұлан Тоқтар Майамиге әйгілі American Top Team ММА залында бір жарым ай жаттығу үшін бара жатқанын бұған дейін хабарлаған болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →