Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Әшімбаев: Бұл жолғы өзгерістерге тапсырыс беруші билік емес, халық болып отыр

    Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттік реформаның басты бастамашысы халық екенін айтты. Оның сөзінше, бұл биліктің бір тірегін нығайтады.

    Әшімбаев: Бұл жолғы өзгерістерге тапсырыс беруші билік емес, халық болып отыр
    file_110.jpg

    Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, парламенттік реформадан кейін Парламент бәсекеге қабілетті саяси пікірталас алаңына айналуы тиіс, себебі бұл өзгерістерді билік емес, халықтың өзі талап етіп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Сенат спикері бұл туралы өзінің «Время» газетінде жарияланған мақаласында жазды. Ол парламенттік реформаны дұрыс қолданса, түбегейлі өзгерістерге түрткі болатын маңызды тетік деп санайды.

    «Бұл жолғы өзгерістерге негізгі тапсырыс беруші – билік емес, халық», — деп атап өтті Әшімбаев.

    Оның пайымдауынша, бұл жай ғана сырт келбетті өзгерту емес, керісінше билік ғимаратының негізгі тіректерінің бірін нығайтуға бағытталған қадам. Ол сондай-ақ шешім қабылдаудың негізгі тетіктері қоғамға ашық әрі түсінікті болатын ықпалды жүйе құрудың маңызын айтты.

    «Жаңа жүйе атқарушы билікті бақылау механизмдерін және тиімді, бірақ жұмысқа кедергі келтірмейтін тепе-теңдік пен тежемелік жүйесін қамтуы керек», – деп есептейді Сенат төрағасы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →