SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) Жерге мерзімінен бұрын оралуда, бұған экипаж мүшелерінің бірінің денсаулығының кенеттен нашарлауы себеп болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Reuters мәліметінше, төрт адамнан тұратын экипажы бар капсула ғарыш станциясынан бөлініп, орбитадан түсе бастады. Жерге оралу шамамен 10,5 сағатқа созылады деп күтілуде, содан кейін аппарат Тынық мұхитына, Калифорния жағалауына жақын маңға қонуы тиіс.
Crew-11 миссиясының экипажы ХҒС-қа өткен жылдың тамыз айында жетіп, орбитада 167 тәулік өткізген еді. Оның құрамында америкалық ғарышкерлер Зена Кардман мен Эдвард Финк, жапониялық Кимия Юи және ресейлік Олег Платонов бар.
Бұл – АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) тарихында экипаж мүшесінің денсаулығына байланысты миссияны шұғыл тоқтатқан алғашқы оқиға.
NASA өкілдері құпиялылық саясатына сілтеме жасап, науқастанған ғарышкердің аты-жөнін және аурудың сипатын жария етпеді. Агенттіктің бас дәрігері Джеймс Полк мәселенің миссия кезінде алынған жарақатпен байланысты емесін нақтылады.
Фото: Әлеуметтік желіден
