Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалдының 2 мың га жері мемлекет меншігіне өтті
Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today KazTAG агенттігіне сілтеме жасап. Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органының Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарғанын растады. Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан. Qazaq.today
