Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 456,7↓€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Келер ұрпаққа дамыған, өркениетті мемлекет қалдыру маңызды • Мәслихат сайлауы: 3 447 депутат сайланады, өкілеттік пен ресурс артады • Камила Әділхан әкесінің оны тастап кеткенін айтып, өмірінің қиын кезеңдерімен бөлісті • Путин Тоқаевқа Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының кездесу қорытындысын айтуы мүмкін • Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен келді • Алтай өлкесінде көпқабатты тұрғын үй жарылып кетті: адам шығыны бар • Тоқаев: Келер ұрпаққа дамыған, өркениетті мемлекет қалдыру маңызды • Мәслихат сайлауы: 3 447 депутат сайланады, өкілеттік пен ресурс артады • Камила Әділхан әкесінің оны тастап кеткенін айтып, өмірінің қиын кезеңдерімен бөлісті • Путин Тоқаевқа Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының кездесу қорытындысын айтуы мүмкін • Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен келді • Алтай өлкесінде көпқабатты тұрғын үй жарылып кетті: адам шығыны бар •

    Мәслихат сайлауы: 3 447 депутат сайланады, өкілеттік пен ресурс артады

    2026 жылғы 25 қарашада «TALQYLAU» диалог алаңы мәслихат сайлауын талқылады. 29 қарашада 3 447 депутат сайланады, өкілеттіктер саны 18-ден 31-ге өсті.

    Мәслихат сайлауы: 3 447 депутат сайланады, өкілеттік пен ресурс артады

    2026 жылғы 25 қарашада Қоғамдық саясат институты «Әділет» партиясының алаңында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысын өткізді. Жиын «Сайлау–2026: биліктің жаңа құрылымындағы мәслихаттар» тақырыбына арналды. Кездесуге сарапшылар, Құрылтай депутаттары, мәслихат мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар алдағы мәслихат сайлауына орай жергілікті өкілді органдардың қоғамдағы орны мен алдағы міндеттерін талқылады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Талқылаудың негізгі тақырыбы – мәслихаттардың рөлінің өзгеруі. Енді мәслихаттар халықтың мүддесін білдірумен қатар, өңірлерді басқару ісіне араласып, бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын бақылап, тұрғындардың нақты мәселелерін шешуге атсалысуы керек.

    Кездесуді Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Айдос Сарым жүргізді. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Марат Шибутов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры Индира Рыстина, саясаттанушы, тәуелсіз шолушы Талғат Қалиев сөз сөйледі.

    Отырысқа Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ), «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының, Мемлекет тарихы институтының, Парламентаризм институтының, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің оқытушылары, саяси шолушылар және Астана қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттар болды.

    Жиынды ашқан «Әділет» фракциясының өкілі, Құрылтай депутаты Айдос Сарым мәслихаттардың жаңа кезеңде қандай міндеттер атқаратынына назар аударуды ұсынды. Оның айтуынша, мәслихаттардың атқаратын қызметі айтарлықтай кеңейген.

    «Мәслихаттар – өңірлік және жергілікті деңгейдегі орган. Болашақ депутаттар ең алдымен жергілікті күн тәртібін, нақты елді мекендегі, аудандағы, облыс пен қаладағы ахуалды ескеруі керек», — деді Айдос Сарым.

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. Ауқымды реформалар аясында биыл жаңа Конституция бойынша референдум мен Құрылтай депутаттарының сайлауы да өткізілді. 23 тамыздағы дауыс беру қорытындысы бойынша бір палаталы парламент құрамына 145 депутат сайланды. Мәслихат сайлауы жергілікті деңгейдегі өкілді органдар жүйесін жаңарту ісінің соңғы кезеңі болмақ.

    Құрылтай депутаты Марат Шибутов бұл сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, «Бұл – жаңа Конституция бойынша өтетін мәслихаттардың алғашқы сайлауы», — деп атап өтті.

    2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды 29 қарашаға белгіледі.

    Бұл жолы барлығы 3 447 депутат сайланады. Атап айтқанда, 20 облыстық мәслихатқа – 668, 38 қалалық мәслихатқа – 626, 170 аудандық мәслихатқа 2 153 депутат.

    «Әділет» фракциясынан Құрылтай депутаты Марат Шибутов жергілікті өкілді органдардың мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейгеніне назар аударды.

    Ол келтірген мәліметтерге сәйкес, жергілікті бюджеттердің кірісі 2019 жылғы 6 039 951 теңгеден 2025 жылы 17 039 799 теңгеге дейін өскен. Бұл – 2,82 есе өсім. Ал бюджет шығыстары 5 950 203 теңгеден 16 743 019 теңгеге дейін жетіп, 2,81 есе артқан.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда, барлық мәслихаттың құзыретіне 13 жаңа өкілеттік қосылды. Бұдан бөлек, жаңа өкілеттіктер Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына – 4, Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына – 3, облыстық мәслихаттарға – 1, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына – 4 өкілеттік бойынша берілді.

    Спикердің айтуынша, заңда белгіленген мәслихат құзыреттерінің саны 18-ден 31-ге дейін өскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →