Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Сабах» – «Барселона» матчы кезінде ресейлік жанкүйер қайтыс болды

    «Сабах» – «Барселона» матчы кезінде ресейлік жанкүйер қайтыс болды
    Фото: operativmm.az

    25 қарашада Бакуде өткен УЕФА Чемпиондар лигасының «Сабах» пен «Барселона» арасындағы матчы кезінде қайғылы оқиға болды. Триунада отырған ресейлік жанкүйер қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    Марқұм — 1987 жылы туған, Ресейдің Красноярск өлкесінен арнайы келген Антон Петрищев. Дереккөз мәліметінше, ол осы оқиғадан небәрі екі күн бұрын 39 жасқа толған.

    Оқиға кешкі уақытта, кездесудің екінші таймында Баку Олимпиада стадионында болған. Трибунада отырған жанкүйердің жағдайы кенеттен нашарлап, ол сол жерде көз жұмған. Әзербайжанның Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігінің (TƏBİB) хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 20:25-те түскен, алайда дәрігерлер жеткенше ер адам көз жұмған.

    Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда марқұмның денесі сараптамаға жіберіліп, оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

    Еске салсақ, Бакудегі бұл матч испаниялық «Барселонаның» 4:1 есебімен жеңісімен аяқталған еді. Ойында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов тоғыз сейв жасап, кездесудің үздік футболшысы атанған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →