«165 млн»: Алматы қаласының әкімдігі коттедж қалашығын заңсыз салғандармен соттаспақ
Алматыда коттедж қалашығы заңсыз салынып жатыр. Құрылыс компаниялары құрғаған өзен арнасын қоқыспен, топырақпен толтырып отырған. Компания басшылары бұрынғы өзен арнасының орнына заңсыз, рұқсатсыз қымбат коттедж салуды бастап кеткен. Аталған жағдайға қатысты қала тұрғындары Ерболат Досаевқа шағымданған. «Біз Бостандық ауданында «Алатау-2» бау-бақша серіктестігінде тұрамыз. Менде бұрынғы сайдың орнында «Baganashil Hills» коттедж қалашығын салу туралы сұрағым бар….
