Тоқаев екі соғыс ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке «Халық қаһарманы» атағын беріп, оларды айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы»…

Толық оқу

Депутат Жигули Дайрабаевқа петиция жарияланды

Президенттік сайлауға түскенінен бастап оқтын-оқтын халық арасында талқыланып жүрген депутат Дайрабаев жайлы тағы әңгіме шықты, деп хабарлайды Qazaq.today  Stan.kz-ке сілтеме жасап. Анығы оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды. Петиция авторы депутаттың екі ұлы жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекетке келтірілген 550 миллион теңгелік шығын қалпына келтірілмегенін жазған. Оған қоса Дайрабаевтың өз ұлдарын жақтап, қорғап сөйлегенін сөккен.  Сонымен қатар, петицияда Дайрабаевтың ұлдарына…

Толық оқу

«Әлем чемпионы да емессің»: Журналистерді итке теңеген боксшы сынның астында қалды

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметов журналистерді итке теңеді. Қатеге толы, сауатсыз жазылған мәлімдемесінде ол БАҚ өкілдерін итке теңеп қана қоймай, әлем чемпионатына қатысып жатқан боксшылардың журналистерге сұхбат бермеу керектігін де айтқан, деп хабарлайды Qazaq.today. Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатындағы қазақ боксшыларына “журналистерге сұхбат бермеңдер, олар хайп қуалап жүр” – деп жазған Садриддин Ахметовтің әлеуметтік желідегі жазбасы…

Толық оқу

«Тәуелсіздігіміз бен бейбіт өмірді қорғау – қасиетті парыз»: Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес отырысы басталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Ақорданың бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Қарулы Күштеріміз – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі. Туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау – қасиетті парыз. Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің…

Толық оқу

«5 млн теңге»: Шымкентте Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Шымкент қалалық Жер қатынастары басқармасының басшылығы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр….

Толық оқу
Яндекс.Метрика