Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркияда танымал актрисалар мен әнші есірткі дауына ілікті • Мақсат Базарбай 50 жас мерейтойында отбасын алғаш рет көрсетті • Астанада тұрғын үй кешенінің ауласынан 26 жастағы жігіттің денесі табылды • Мақпал Исабекова декреттегі күйзелісі мен ажырасуын ашық айтты • ҰҚК операциясынан кейін «Қазатомөнеркәсіп» мәлімдеме жасады • Қайрат Нұртас Атыраудағы концертінде жанкүйеріне Louis Vuitton көзілдірігін сыйлады • Түркияда танымал актрисалар мен әнші есірткі дауына ілікті • Мақсат Базарбай 50 жас мерейтойында отбасын алғаш рет көрсетті • Астанада тұрғын үй кешенінің ауласынан 26 жастағы жігіттің денесі табылды • Мақпал Исабекова декреттегі күйзелісі мен ажырасуын ашық айтты • ҰҚК операциясынан кейін «Қазатомөнеркәсіп» мәлімдеме жасады • Қайрат Нұртас Атыраудағы концертінде жанкүйеріне Louis Vuitton көзілдірігін сыйлады •

    Түркияда танымал актрисалар мен әнші есірткі дауына ілікті

    Түркияда танымал актрисалар мен әнші есірткі дауына ілікті

    Фото: Instagram/denizcakir

    Ыстанбұлда танымал өнер өкілдеріне қатысты есірткі және жезөкшелік деректері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу аясында 35 күдіктінің 23-і ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

    Ұсталғандардың қатарында «Ғаламат ғасыр» телехикаясында Шах Сұлтанның рөлін сомдаған актриса Дениз Чакыр, әнші әрі актер Өзжан Дениз және актриса Буржу Өзберк бар.

    Ыстанбұл қаласының Бас прокуратурасы жезөкшелікпен айналысу, есірткі немесе психотроптық заттарды сату, жеткізу, сондай-ақ оларды сақтау және қолдану деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілерді ұстауға олардың берген жауаптары, куәгерлердің, соның ішінде құпия куәгерлердің айғақтары негіз болған. Сонымен қатар тәркіленген ұялы телефондар мен өзге де цифрлық құрылғыларға жүргізілген сараптама нәтижелері ескерілген.

    Прокуратура тергеу жұмыстарының бірнеше бағыт бойынша жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы ФЕТО ұйымына қатысты тергеу аясында «Көкжалдар мекені» телехикаясы да құқық қорғау органдарының назарына іліккені хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →